Маңғыстау облысында эвакуациялық комиссиялармен сабақ өткізілді

Маңғыстау облысында эвакуациялық комиссиялармен сабақ өткізілді

Маңғыстау облысының ТЖД бастамасымен Ақтау қаласында облыстық, қалалық және аудандық эвакуациялық комиссиялардың төрағалары мен мүшелерінің қатысуымен іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – бейбіт және соғыс уақытында эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізу саласындағы білім деңгейін арттыру болып табылады.

Қатысушыларға эвакуация мәселелерін реттейтін қолданыстағы заңнама талаптары жеткізілді. Спикерлер бейбіт уақыттағы эвакуация, ерекше кезеңдегі эвакуация, халықты хабардар ету тәртібі, медициналық қамтамасыз ету іс-шаралары, сондай-ақ эвакуациялық іс-шараларды көлікпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша дәрістер өткізді.

Талқылау барысында эвакуациялық комиссиялардың өкілдері бірқатар проблемалық мәселелерді көтеріп, олар бойынша түсініктемелер беріліп, шешу жолдары ұсынылды.

 

Маңғыстау облысы ТЖД