Маңғыстау облысы – ТЖМ Кубогының жалпыкомандалық жеңімпазы

Маңғыстау облысы – ТЖМ Кубогының жалпыкомандалық жеңімпазы

2025 жылғы 5–7 қыркүйек аралығында Петропавл қаласындағы “Қарасай” стадионында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің VIII кубогы өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен үздік өрт сөндіруші-құтқарушылар қатысып, төрт кезең бойынша бақ сынасты. Маңғыстау облысы құрамасының нәтижелері, 100 метрге кедергілермен жүгіру — 5-орын, шабуыл сатысымен оқу мұнарасына көтерілу — 2-орын, 4×100 метрлік өрт эстафетасы — 2-орын (59,57 секунд), жауынгерлік қанат жаю — 1-орын (27,19 секунд)
Барлық кезеңдердің нәтижелерін есептей келе, Маңғыстау облысы жалпыкомандалық есепте сенімді түрде I орынды иеленді. Жалпы командалық есеп қорытындысы бойынша 1 орын – Маңғыстау облысы, 2 орын – Астана қаласы, 3 орын – Батыс Қазақстан облысы.
Бұл жеңіс – облыс құрамасының кәсібилігі мен ұйымшылдығының нәтижесі. Құтқарушыларымызды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы жарыстарда жаңа жетістіктер тілейміз.

 

Маңғыстау облысы ТЖД