Абай күніне арналған әдеби кешке қатысу

Абай күніне арналған әдеби кешке қатысу

10 тамыз – Абай күні қарсаңында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Қ.Сыдиықов атындағы облыстық кітапханада өткен ашық есік күніне қатысты.
Іс-шара барысында ТЖ қызметкерлері ұлы ойшыл, дана ақын Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылығымен танысып, ұйымдастырылған әдеби кештің куәсі болды. Кітапхана ұжымы тарапынан дайындалған тағылымды бағдарлама көпшіліктің жүрегінен орын алып, рухани байлық сыйлады.

 

Маңғыстау облысы ТЖД