Ақтау қаласында газ баллон пайдаланатын тұрғындарға қауіпсіздік шаралары ескертілді

Ақтау қаласында газ баллон пайдаланатын тұрғындарға қауіпсіздік шаралары ескертілді
Бүгін Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері мен еріктілер тұрмыстық газ баллон пайдаланатын көп қабатты тұрғын үйлерге қауіпсіздік шаралары бойынша үгіт-насихат жұмыстарына шықты.
Құрметті  қала тұрғындары мен қонақтары!
Газ жарылысының және оның салдарын болдырмау үшін:
1. Қосылып тұрған газ қондырғыларын қараусыз қалдыруға.
2. Өз еркімен газ қондырғыларын тасымалдау және оның құрылысына өзгерістер енгізуге.
3. Газ қондырғыларына жіп байлау және оларды жүктеуге.
4. Мектепке дейінгі жас балаларды, іс-әрекеттерін бақылай алмайтын және газды пайдалану ережелерін білмейтін адамдарды газбаллон қондырғыларын пайдалануға жақындатуға.
5. Өз еркімен үйде (пәтерлерде,саяжайларда) газ орнату, ауыстыру, қайта құру, жөндеуге.
6. Газ қондырғылары орналасқан бөлмелерге қайта жобалау жұмыстарын жүргізуге.
7. Газ құралдары, автоматика, арматура және газ баллондар ақаулы бола тұра газды пайдалануға.
8. Газ қондырғыларды желдету арналарының торларымен және терезелер жабық кезінде пайдалануға.
9. Газ қондырғылары бар бөлмелерді ұйықтау және дем алуға пайдалануға.
10. Газ және газ қондырғыларын мақсаты бойынша пайдаланбау. Бөлмелерді жылытуға газ плиталарын пайдалануға.
11. Газдың шығып жатқанын тексеру үшін отты пайдалануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
12. Газ құралдарын пайдаланып болғаннан соң құралдың кранын және баллондағы шүмегін жабу,
13. Жүйелі түрде бөлмені желдету, газдың шығып жатқанын анықтаған кезде отты, электр жылыту құралдарын, электрлі ажыратқыштарды қолданбау.
Газ баллондарға Автокөлікке газ құю станцияларынан газ құюға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!!!
Бөлме -жайда 1-ден артық газ баллон орналастыруға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!!!
Газ баллондарды пешке жақын, 2 метрден кем қашықтықта орналастыруға
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!!!
 
 
Маңғыстау облысы ТЖД