2025 жылдың І жартыжылдығындағы қызметтің нәтижелерін қорытындылау және алдағы кезеңге қойылған стратегиялық міндеттерді нақтылау мақсатында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының қатысуымен жедел қызметтік кеңес өткізілді. Кеңесте басқару тиімділігін арттыру, тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін жетілдіру, материалдық-техникалық жарақтандыруды нығайту, азаматтық қорғау саласындағы іс-қимыл алгоритмдерін үйлестіру мәселелері қаралды. Сонымен қатар, 2025 жылғы 24 шілдеде ҚР ТЖМ Алқа отырысында көтерілген өзекті мәселелер мен алға қойылған тапсырмалардың гарнизонның жеке құрамына толық әрі уақтылы жеткізілуі қатаң тапсырылды.
Маңғыстау облысы ТЖД