Ақтау қаласындағы МАЭК ТЭЦ-1 ғимаратында мазуттың шартты жануы бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылды.
Іс-шараға Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 30 қызметкер мен 9 техника, сондай-ақ «МАЭК-ҚазАтомӨнеркәсіп» ЖШС әкімшілігі мен қызметкерлері қатысты.
Жаттығу барысында эвакуация тәртібі пысықталып, өрт сөндірушілердің өзара іс-қимылы мен әрекет ету жылдамдығы тексерілді. Өрт ошағы уақытылы оқшауланды. Мұндай оқу-жаттығулар төтенше жағдайлардың алдын алуға және өрт қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Маңғыстау облысы ТЖД