2025 жылғы 23 шілдеде "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ "Жетібаймұнайгаз" ӨБ МАжӨЦ объектісінде «БУУН №2 мұнай, газ құбырынан сұйықтықтың ағып кетуі, тығындау арматуралардың фланцевті қосылымдар арқылы сұйықтықтың өтуі» тақырыбында оқу дабылы өткізілді.
Аталған оқу дабылына Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мемлекеттік инспекторы, "РЦШ ПВАСС" МФ "АқБерен" ЖШС авариялық-құтқару қызметі, «Нейрон Мед» ЖШС ВАЖ медициналық қызметі, «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС өртке қарсы қызметі қатысуымен өтті. Қызметкерлер үйлесімді және жедел әрекет етті, төтенше жағдай кезіндегі өз міндеттерін жақсы меңгергенін көрсетті.
Маңғыстау облысы ТЖД