Облыс аумағындағы сауда объектілері өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды !

Облыс аумағындағы сауда объектілері өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды !

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы – «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының аумақтық бөлімшесі ғимаратында сауда объектілерінде өрттің жиілеп кетуіне байланысты, сондай-ақ өртке қарсы қауіпсіздік деңгейін арттыру және осындай жағдайлардың қайталануына жол бермеу мақсатында сауда объектілері өкілдерінің (шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері) қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кездесу барысында өрт қауіпсіздігі саласындағы өзекті мәселелер, нормативтік талаптардың сақталуы, профилактикалық шаралар мен жауапкершілік мәселелері талқыланды.

Алдағы уақытта да аталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады.  

 

Маңғыстау облысы ТЖД