Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті материалдық техникалық базасы жаңа жүзу құралымен толықтырылды

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті материалдық техникалық базасы жаңа жүзу құралымен толықтырылды

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің  материалдық-техникалық базасы «Sea-Doo» маркалы гидроциклмен (су мотоциклы) толықтырылды. Гидроцикл жергілікті бюджет есебінен сатып алынды.

Гидроцикл -3 орындық. Қуаты -170 АК. Корпус ұзындығы -  3300 мм. Ені -1250мм.Биіктігі -1130мм. Жүк көтергіштігі - 272 кг.

Аталған су көлігі  Каспий теңізінде шолулар жүргізуге және төтенше жағдайлар орын алған кезде шұғыл әрекет ету үшін қолайлы болып табылады.

 

Маңғыстау облысы ТЖД