Қоян-қолтық ұрыстан соңғы дайындық

Қоян-қолтық ұрыстан соңғы дайындық

Маңғыстау облысы ТЖД спортшылары 16–18 шілде күндері Алматы қаласында өтетін ҚР Төтенше жағдайлар министрінің қоян-қолтық ұрыстан Кубогы алдындағы соңғы жаттығуын өткізді.

Облыс намысын қорғауға 16 спортшы аттанады.

Жаттығу барысында департамент бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау подполковнигі М. Қараев спортшыларға сәттілік тілеп, жеңіс пен жарқын нәтиже күтетінін жеткізді.

Маңғыстау намысы – сендермен!

Маңғыстау облысы ТЖД