Маңғыстау облысында су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау мақсатында туристік аймақтарға тексеріс жұмыстары басталды. Бұл шара Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторының басшылығымен жүргізілуде.
Комиссия коммуналдық және жекеменшік жағажайларды тексеріп, құтқару бекеттерінің, қоршаулардың, ескерту белгілерінің және қажетті жабдықтардың бар-жоғын қарады.
Тексерістер жоспарлы түрде жалғасады. Нәтижесінде тиісті шаралар қабылданады. Негізгі мақсат – жаз мезгілінде демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Маңғыстау облысы ТЖД