Маңғыстау облысы ТЖД қызметкерлерін аттестаттау

Маңғыстау облысы ТЖД қызметкерлерін аттестаттау

     

 Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кадр қызметімен ағымдағы жылдың жарты жылдығында қызметкерлерді жоспарлы аттестаттау ұйымдастырылып өткізілді. Кезекті аттестаттауға жататын қызметкерлердің 5 аттестаттау комиссия отырысы өтті, аттестаттаудың барлық кезеңдерін 73 қызметкер тапсырды.

Аттестаттау мақсаты қызметкерлердің кәсіби даярлығын, білім деңгейін, іскерлік және жеке қасиеттерін кешенді бағалау, сондай-ақ атқарып отырған лауазымына сәйкестігін анықтау болып табылады.

Кадр мамандарымен даярлау кезінде мыналар қамтамасыз етілді: басшылық құрамның қатысуымен аттестациялық комиссияларды қалыптастыру, қызметкерлерге арналған құжаттар пакетін, олардың қызметтік жазбалар мен мінездемелерін дайындау, кәсіби жарамдылық бойынша белгіленген нормативтерді тапсыру; аттестаттауға жататын қызметкерлердің Қазақстан Республикасы заңнамаларын білу және логикалық ойлау қабілетін бағалау бойынша компьютерлік тестілеуі, психологиялық-социологиялық зерттеу жүргізу, құқық қорғау органы басшысының шешімі бойынша полиграфологиялық зерттеу; аттестаттау комиссиясымен әңгімелесу, комиссия шешімін шығару.

Аттестаттау барлық нормативтік талаптар мен мерзімдерге сәйкес ұйымдастырылып, жұмыс тәртібінде өткізілді. Атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша қызметкерлердің қызметтік өсуі, біліктілікті арттыру және жеке дамуына қатысты ұсыныстар әзірленді.

         Аттестаттау жүргізу тек кадрлық әлеуетті бағалауға ғана емес, сонымен қатар ТЖ жүйесіндегі кадр саясатын жетілдіру бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.

 

Маңғыстау облысы ТЖД