Төтенше жағдайлар департаментінде Маңғыстау облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Айжарықов Нұрлыбектің жедел кезекші ауысымдардың радиотелефоншыларымен жұмыс кеңесі өтті.
Кезекші-диспетчерлік қызмет — бұл төтенше жағдайлар туралы алғашқы хабарды қабылдайтын, жедел ақпарат беріп, тиісті бөлімшелерді оқиға орнына бағыттайтын негізгі буын.
Кездесудің басты мақсаты – жедел қоңыраулар түскен кезде байланыстың тиімділігін, ақпаратты жедел әрі нақты жеткізуді арттыру мәселелерін талқылау болды. Ерекше назар радиоэфирдегі тәртіпке, радиоалмасуды сапалы жүргізуге, құжаттарды дұрыс рәсімдеуге және басқа шұғыл қызметтермен өзара іс-қимылға аударылды.
Маңғыстау облысы ТЖД