Суға батқан жасөспірімді құтқарған азаматтар марапатталды

Суға батқан жасөспірімді құтқарған азаматтар марапатталды

2025 жылғы 28 мамырда Каспий теңізінде болған қайғылы жағдайдың алдын алып, жасөспірімнің өмірін құтқару кезінде ерекше батылдық пен жанқиярлық танытқан азаматтар мемлекеттік наградамен марапатталды.

«Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен:

– «Napoli Steak House» мейрамханасының даяшысы Абзал Мұхтарұлы Жалғасбаев;

– «DS Tyres» компаниясының Ақтау қаласындағы филиалының басшысы Рамазан Қаболлаұлы Зұлқашов марапатталды.

Марапатты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмасымен Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бірінші орынбасары  азаматтық қорғау подполковнигі  Мирбек Караев табыстады.

Бұл ерлік — адам өмірін сақтап қалу жолындағы батылдықтың айқын үлгісі. Маңғыстау облысы ТЖД ерлік көрсеткен азаматтарға шынайы алғысын білдіреді.

Маңғыстау облысы ТЖД