2025 жылғы 3 шілдеде Маңғыстау облысының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысы өткізілді.
Отырыста Жаңаөзен қаласының, Мұнайлы және Бейнеу аудандарының аумағында жер асты және жаңбыр суларының салдарынан туындауы мүмкін су басу жағдайларының алдын алуға бағытталған шаралар қаралды. Комиссия отырысында бірқатар нақты тапсырмалар беріліп, су басудың алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру үшін жауапты құрылымдарға тиісті міндеттер жүктелді.
Маңғыстау облысының ТЖД