Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі бойынша бірлескен нұсқаулық шарасы өткізілді

Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі бойынша бірлескен нұсқаулық шарасы өткізілді

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаменті бірлесіп, облыс аумағында автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және өрт сөндіру құралдарын қолдану бойынша профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін тұрғындарға түсіндіру, сондай-ақ әрбір көлік құралында жарамды өрт сөндіргіштің болуы туралы ақпарат беру.

Сонымен қатар, мамандар жүргізушілерге өрт сөндіргіш құралдарын дұрыс пайдалану тәсілдерін көрсетіп, алғашқы әрекеттердің маңызын түсіндірді.

Мұндай шаралар жол-көлік оқиғалары салдарынан туындауы мүмкін өрттер мен төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жүйелі түрде жүргізіледі.

ТЖД ескертеді: көлік құралында өрт сөндіргіштің болуы – тек заң талабы ғана емес, бұл – адам өмірінің қауіпсіздігіне тікелей жауапкершілік.

Маңғыстау облысы ТЖД