2025 жылғы 30 маусымда Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың зияны, салдары және жауапкершілігі туралы түсіндіру мақсатында кездесу өтті. Іс-шара департаменттің жұмыс жоспарына сәйкес басқарма басшысы Б.К. Спаевтың төрағалығымен өткізілді.
Кездесу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекетке тигізетін теріс салдары, оның ішінде әлеуметтік, құқықтық және моральдық зияны туралы түсіндіру мақсатында мемлекеттік қызметшілерге адалдық, әділдік, сенімділік қағидаттарын сақтау қажеттігі ескертілді
Жиналысқа «Маңғыстау – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі А. А. Шамшадинова қатысып, сыбайлас жемқорлықпен күрес бір реттік іс-шара емес, күнделікті сана мен тәртіптің ажырамас бөлігі болуы тиіс екенін атап өтті. Ол ашықтық, әділдік және жауапкершілік ұстанымдарын басшылыққа алу қажеттігін ерекше атап көрсетті.
Іс-шара соңында Төраға қатысушыларға мемлекеттік қызметшілер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын мүлтіксіз орындауды талап етті.
Маңғыстау облысы ТЖД