Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар Департаментінің дағдарыс орталығында байланыс және бұқаралық коммуникация қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Оған өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ ТЖД басшылығы мен қызметкерлері қатысты.
Кездесуді аша отырып, Маңғыстау облысы ТЖ Департаменті бастығының міндетін атқарушы Мирбек Караев журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, тығыз және сындарлы ынтымақтастық үшін алғысын білдірді: "БАҚ-біздің стратегиялық серіктестеріміз. Сіздің жұмысыңыздың арқасында халық азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы маңызды ақпаратты уақтылы алады. Сіздің объективтілігіңіз бен жеделдігіңіз — қоғамның құтқару қызметтеріне деген сенімінің кепілі. Біз сіздің қауіпсіздік мәселелеріне назар аударғаныңызды және ТЖ-ға дайындық мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлесіңізді бағалаймыз.",- деп атап өтті ТЖД басшысы.
Орталық залында көрсетілген деректі фильм қатысушылардың ерекше назарын аударды. Онда ТЖД қызметкерлерінің аса маңызды оқиғалары, операциялары мен күнделікті өмірі — өрттерді жою, құтқару жұмыстары, ТЖ алдын алу, мобильдік топтардың жұмысы, жаттығулар мен алдын алу туралы баяндайтын бұрын телеэфирде жарияланған сюжеттер жиналды. Фильм құтқарушылардың шынайы подігі мен адалдығының көрінісі болды. Кездесу соңында БАҚ өкілдеріне ТЖД қызметін белсенді жариялағаны және халық арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыруға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыс етілді.
Маңғыстау облысы ТЖД