Құтқарушылар дронмен іздестіру тәсілін меңгерді

Құтқарушылар дронмен іздестіру тәсілін меңгерді

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дрон арқылы іздестіру-құтқару жұмыстарына үйретілді.Оқыту барысында теңізде және күрделі аумақтарда жоғалған адамдарды жылу камерасы (тепловизор) арқылы іздеу тәсілдері түсіндірілді. Сонымен қатар дрон көмегімен апаттық аумақтың картасын жасау, биіктен жағдайды бақылау және қауіп-қатерді бағалау дағдылары меңгерілді.Практикалық кезеңде құтқарушылар дрон пайдалану арқылы іздестіру жаттығуларын орындады.

Бұл – заманауи технологияларды қолдану арқылы іздестіру-құтқару жұмыстарының тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Маңғыстау облысы ТЖД