Маңғыстау облысының аумағында "Өрт қауіпті кезең"

Маңғыстау облысының аумағында "Өрт қауіпті кезең"

Құрғақ және ыстық ауа-райының қалыптасуына байланысты Маңғыстау облысының аумағында өрт қауіпті кезең жарияланды. Осыған байланысты Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті ашық аумақтарда өрттің алдын алу шараларын күшейтуде. Өрттің алдын алу мақсатында өңірде: күнделікті патрульдік бақылау жүргізілуде; рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда; мобильді топтар мен өртке қарсы бекеттер жұмыс істеуде. Тұрғындар мен қонақтарға дала алқаптары мен жасыл екпелерге жақын жерлерде от жағуға, шөп пен қоқыс өртеуге қатаң тыйым салынатыны ескертіледі.

Аймақ тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.

Даладағы от – адам өміріне, қоршаған ортаға және мүлікке тікелей қауіп!

Маңғыстау облысы ТЖД