Автокөліктің өртенуі сөндірілді     

Автокөліктің өртенуі сөндірілді         

      16.05.2025. Сағат 15-тен 30 минут өткенде Қызылорда қаласы, Асаубаев көшесінде "Газель" жүк көлігі жанып, автокөлікке орнатылған газ қондырғысы жарылған. Салдарынан ТЖО-ның ауданы 50 ш.м. аумағын және екінші "Газель"  жүк көлігін өрт шалды. Өрт сағат 16-дан 01 минут өткенде оқшауланып, 16-дан 15 минут өткенде толық сөндірілді. 2 азамат күйік жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген, дәрігердің қарауынан соң үйлеріне қайтарылған.  Оқиға орнында жұмыс жасағандар: ТЖ департаменті (21 жеке құрам және 5 техника) «Апаттар медицинасы орталығы» филиалы (3 қызметкер және 1 техника).

          Құрметі автокөлік иелері! Автокөлікте өрт туындамауы үшін өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақатуды сұраймыз.

Қызылорда облысы ТЖД