"Манго" оптомаркетінің ауласындағы өрт сөндірілді   

"Манго" оптомаркетінің ауласындағы өрт сөндірілді       

        16.05. 2025. Сағат 13-тен 36  минут өткенде Қызылорда қаласы,  Досмаханов көшесі №3 мекен жайда орналасқан жалпы ауданы "Манго" оптомаркетінің ауласында  ауданы 25 ш.м. қоқыс жанған. Салдарынан оптомаркеттің қосымша құрылысының шатырын (ауданы 50 ш.м.) және А. Мин көшесі №2 "А" мекенжайдағы тұрғын үйдің шатырын (ауданы 70 ш.м.)  өрт шалды.

          Өрт сағат 14-тен 07 минут өткенде оқшауланып, 14-тен 21 минут өткенде толық сөндірілді. Өрт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

          Оқиға орнында жұмыс жасағандар: ТЖ департаменті (20 жеке құрам және 5 техника) «Апаттар медицинасы орталығы» филиалы (3 қызметкер және 1 техника).

          Өрт сөндіру барысында шұғыл және бірлескен іс-қимыл нәтижесінде сауда орталығының бүкіл шатырына оттың таралуына жол берілмеді, дүкеннің материалдық құндылықтары зардап шеккен жоқ.

          Құрметті тұрғындар, кәсіпкерлер! Өрт қауіпсіздігі қағидасын тұрмыста және қоғамдық орындарда қатаң сақтауды сұраймыз.

 Қызылорда облысы ТЖД