Әріптестері салтанатпен зейнет демалысына шығарып салды

Әріптестері салтанатпен зейнет демалысына шығарып салды

             №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ғимаратының ауласында Қызылорда қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары   азаматтық қорғау майоры Евгений Константинович Кимді әріптестері зейнет демалысына салтанатпен шығарып салу масқатында іс-шара ұйымдастырды.  Салтанатты іс-шараға оның әріптестері, сала ардагерлері, жақындары, отбасы қатысты. Салтанатты іс-шарада олар  Евгений Константиновичті зейнет демалысына шығуымен құттықтап, сөз сөйледі.

          Қызылорда облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Түйменов    оған ұжымның атынан құттықтау адресатын және естелік сыйлықты тапсырды, иығына ұлттық шапан жапты. Сонымен бірге оның  өңірдегі азаматтық қорғау органдарында 2006 жылдан бастап абыроймен қызмет атқарғанын, бірде-бір рет тәртіптік шараға тартылмағандығын атап өтті.

          Евгений Константинович те өз кезегінде әріптестеріне ризашылық білдірді.

          Евгений Константинович Кимді  зейнет демалысына абыроймен шығуымен құттықтап, алдағы уақытта зор денсаулық, отбасына амандық тілейміз.

Қызылорда облысы ТЖД