«Қызылорда Мұнай өнімдері» ЖШС–де өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді    

«Қызылорда Мұнай өнімдері» ЖШС–де  өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді         

         «Қызылорда Мұнай өнімдері» ЖШС–де өрт-тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылды.

          Мақсат: мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуарлардағы шартты өрт оқиғасы кезінде жеке құрамның өрт сөндіру жауынгерлік іс-қимылдарын жүргізу әдісін жетілдіру. Нысандағы мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің іс-қимылдарын, қызмет көрсететін жұмысшылардың өрт оқиғасы орын алған жағдайда  өзін-өзі ұстау және қауіпсіз жерге шығу тәртібін жетілдіру.

          Алдымен барлау жұмысы жүргізіліп, өрт ошағы анықталды. Штаб құрылып, күш-құралдар жұмылдырылып, өрт сөндіру барысында қауіпсіздік техникасының сақталуы қадағаланды. Шартты өртті сөндіруге 12 техника (8 негізгі өрт сөндіру автокөлігі, 3 автосаты, 1 штабтық автокөлік), 48 қызметкер жұмылдырылды.

          Қызылорда облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Жасұлан Түйменов оқу-жатығуды қорытындылап, оң бағалап, жіберілген кемшіліктер бойынша жұмыстарды пысықтау қажеттігін айтты.

Қызылорда облысы ТЖД