Азаматтардың су айдындарында қайғылы жағдайларға ұшырауының және адам өлімінің алдын алу мақсатында Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің тарапынан күшейтілген профилактикалық рейдтер жүргізілуде. Іс-шаралар күнделікті және тәулік бойы ұйымдастырылуда, сонымен бірге түнгі уақыттағы бақылауға да көңіл бөлінуде.
Бүгінгі күні кәмелетке толмағандардың тыйым салынған жерлерде шомылғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес 5 әкімшілік хаттама толтырылып, 68 810 теңге көлемінде айыппұл салынды. Аталған бағыттағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда.
Қызылорда облысы ТЖД