«ТАҒЗЫМ» АЛАҢЫНДА «ҰЛЫ ЖЕҢІС – ҰРПАҚҚА АМАНАТ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

«ТАҒЗЫМ» АЛАҢЫНДА «ҰЛЫ ЖЕҢІС – ҰРПАҚҚА АМАНАТ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ
 
Бүгін Қызылорда қаласындағы «Тағзым» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты салтанатты іс-шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, құқық қорғау және азаматтық қорғау органдарының басшылары мен жеке құрамы, қала тұрғындары қатысты.
Алдымен өңірдің әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындарды Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.
Ол: “жыл аяғына дейін 146 көшеге қаһармандардың есімдері” берілетінін айтты. Сұрапыл соғыс жеңімпаздарының ерен ерлігін, шексіз батырлығын жадымызда жаңғырту, оларды мәңгі есте сақтау – қасиетті борышымыз.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болғай!» – деді.
Одан соң бір минут үнсіздік жарияланып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
Осы орайда Қызылорда облысы ТЖД өкілдері де “Тағзым” ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Жеңіс туы желбірегелі 80 жыл өтсе де, бейбіт өмір сыйлаған боздақтардың, хабар-ошарсыз кеткендердің, елге оралған соң еңбек майданында шыңдалған ардагерлердің ерлігі мәңгі ұмытылмайды.

Қызылорда облысы ТЖД
Баспасөз қызметі