Қызылорда қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ғимаратының аумағында өңірдегі азаматтық қорғау органдарының гарнизонының салтанатты сап түзеу іс-шарасы өткізілді.
Одан соң Қазақстан Республикасының әнұраны орындалды.
Содан соң Ұлы Отан соғысында және қызметтік міндеттерін өтеу барысында қаза болған аға буынды, мезгілсіз қаза болған сала қызметкерлерін еске алу үшін 1 минуттық үнсіздік жарияланды. Оларға тағзым етіліп, олардың ерліктері еске алынып, “Отқа оранған өрендер” ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Департамент бастығы полковник Қайрақбаев Руслан Сламбекұлы офицерлерді бүгінгі мерекемен құттықтады.
Сонан соң бірқатар қызметкерлер мен сала ардагерлері ведомствалық наградалармен марапатталды.
Салтанатты іс-шара соңында қатысушылар департамент басшылығымен және сала ардагерлерімен естелік үшін фотоға түсті.
Қызылорда облысы ТЖД