Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері “Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 80 жыл” толуына орай ұйымдастырылған 50 шақырымдық веломарафонға қатысып, спортты, салауатты өмір салтын насихаттауда белсенділік танытты.
“Маутинбайк” номинациясы бойынша департаменттің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Жандәулет Өндрей екінші орынға ие болды. Ал, Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Айдос Ермағамбет мәре сызығын үшінші болып кесіп өтті.
Бұл нәтижелі көрініс департаменттің қызметкерлерінің физикалық дайындығының жоғарылығын, салауатты өмір салтын ұстанудағы үлгілілігін тағы да дәлелдегендей болды.
Қызылорда облысы ТЖД