Қамыстыбас құтқару бөлімшесінің құтқарушылары шетелдік демалушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді  

Қамыстыбас құтқару бөлімшесінің құтқарушылары шетелдік демалушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді      

         Қамыстыбас көлі, "Тастақ" жағалауында  Құтқару қызметінің мамандары Германия мен Швейцария елінен келген туристерге профилактикалық түсіндіру жұмысын жүргізді.

          Іс-шара барысында шетел азаматтарына судағы қауіпсіздік ережелері, тыйым салынған аумақтар, құтқару құралдарын пайдалану жолдары туралы айтылып, бірнеше тілде дайындалған арнайы сақтандыру жадынамалары таратылды.

          Құтқарушылар демалушыларға төтенше жағдай туындаған сәтте қалай әрекет ету қажеттігін түсіндірді, “112” нөміріне хабарласу тәртібін айтты.

          Туристер бұл қауіпсіздік шараларын жоғары бағалап, алғыстарын білдірді.

Қызылорда облысы ТЖД