
Өңірдегі азаматтық қорғау саласында, дәлірек айтқанда өрт сөндіру саласында 300-ге жуық өрт сөндірушілер еңбек етуде. Олардың барлығы да кәсіби деңгейі сарапталып, іріктеліп, қызметке қабылданған мамандар.
Жуырда «Qyzylorda» телеарнасындағы «Қайырлы күн, Қызылорда!» хабарында «4 мамыр - Халықаралық өрт сөндірушілер күніне» орай өрт сөндірушілермен сұқбат ұйымдастырылды.
Онда өрт сөндірушілер: Қызылорда қаласындағы №4 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Медеуов Нұрхан Сақтапбергенұлы мен №4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Ерұзақұлы Әзімбек өздерінің осы саланы, қызметті неліктен таңдағандықтарын айтты. Өрт қауіпсіздігін насихаттау жұмысын, өрттің алдын алу жөнінде, өрт сөндіру қызметінің маңыздылығын, қауырт қызметтің күнделікті тыныс-тіршілігін, аталмыш қызметтің материалдық-техникалық жабдықталуын әңгімеледі.
Қызылорда облысы ТЖД