Өрт қауіпсіздігін сақта, азамат!

Өрт қауіпсіздігін сақта, азамат!



Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері "Саяжайлардағы қауіпсіздік" акциясының аясында Қызылорда қаласындағы “Ягодка” саяжайында үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Тұрғындарға қураған шөп, қоқыс қалдықтарын өртемеу , балалардың оттықпен ойнамауы, электр желілерінде ақаулықтардың алдын алу туралы түсіндірді. Қызылорда облысының Төтенше жағдай департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды!

Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы