
Жақында Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінің оқушыларына арнап экскурсия ұйымдастырды. Мақсат: әуежай аумағындағы ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ филиалының тікұшақтарын балаларға тамашалату, ұшқыш мамандығының қыр-сырын түсіндіру. Экскурсияға 26 оқушы қатыстырылды. Оқушылар экскурсия барысында “мен өскенде ұшқыш боламын”,- деген армандарын да атап өтіп, мамандардан кеңес алды.
Қызылорда облысы ТЖД