«Aray City Mall» сауда ойын-сауық орталығы ғимаратында өрт-тактикалық жаттығу өткізілді    

«Aray City Mall» сауда ойын-сауық орталығы ғимаратында өрт-тактикалық жаттығу өткізілді      

          Бүгін Қызылорда қаласындағы Н.Назарбаев даңғылы №13 «а» мекенжайда орналасқан «Aray City Mall» сауда ойын-сауық орталығы ғимаратында өрт-тактикалық жаттығу ұйымдастырылды.

 Яғни, «Aray City Mall» сауда ойын-сауық орталығының 2 қабатында орналасқан «Funky Town»  ойын-сауық орталығында шартты өрт пайда болды.

Алдымен өрт сөндірушілерді аталмыш мекеменің жұмысшылары күтіп алды. Олар ғимараттың ішінде адамдар қалғанын айтты. Жеке құрам адамдарды құтқару және эвакуациялау жұмысын жүргізді. Сонан соң өртті сөндіру жұмысына кірісті. Газ-түтіннен қорғау буыны жұмыс жасады.

Шартты өртті сөндіру жұмысына Қызылорда қаласындағы 6 өрт сөндіру бөлімдерінен 10 негізгі өрт сөндіру автокөлігі, 4 арнайы автосаты, 1 авариялық құтқару автокөлігі, 1 штаб автокөлігі  қатыстырылды. Сонымен бірге Жедел құтқару жасағынан 2 техникасымен 6 қызметкер, «Апаттар медицинасы орталығының» филиалынан 1 техникасымен 4 қызметкер, Жедел жәрдем бригадасынан 1 техникасымен 3 қызметкер, электр тораптарын таратудан 1 техникасымен 2 адам, «QazaqGaz Aimaq» АҚ филиалынан 1 техникасымен 3 қызметкер,  жол-патрульдік полиция қызметінен 2 техникасымен 4 қызметкер жұмылдырылды. Аталмыш оқу-жаттығуға жалпы 24 техника, 93 қызметкер қатыстырылды.

Оқу-жаттығудың жетекшісі, Қызылорда облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Жасұлан Түйменов оқу-жаттығуды қорытындылап, оң бағалады, алайда өткізу барысында жіберілген кейбір кемшіліктерді атап өтіп, тиісті нұсқама өткізді.

 

Қызылорда облысы ТЖД