Өнеркәсіптік қауіпсіздікті сақтау маңызды!

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті сақтау маңызды!
Жуырда Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының Мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібіндегі, магистральдық құбырларды және жару жұмыстарын мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің мамандары Е.Жарасов және Н.Оразақов «Транс Азия Констракшн» ЖШС-ға «Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында қолданыстағы «Жаңақорған» АГТС 20 000 нм/с 40 000 нм/м3 жобалық қуатына дейін кеңейту» жобасына сәйкес газ құбырларын және жабдықтың технологиялық байламдарына пневматикалық сынағына қатысты.
Авариялар, оқыс оқиғалар және жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында қауіпті өндірістік объектілерде сынақ жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша ұсынымдар беріліп, түсіндіру жұмысы жүргізілді.

 
Қызылорда облысы ТЖД
Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы