Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті БИН 050340005416, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Бөкейхан көшесі 69, электрондық мекенжайы: ok_dchs_kyzl@emer.kz тел: 8 (7242) 70-03-26 құқық қорғау органдарына төмендегідей бос орындарға конкурс жариялайды.
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік мекемесінің 5 (бес) бірлік өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері лауазымына.
Персоналдың санаты - С-SV-13, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты (арнайы атағын қоспағанда) 153,432 мыңға дейін.
Лауазымдық міндеттері:
Өрт сөндіру автомобилінің жүргізуші қызметкері:
оған бекітілген өрт сөндіру автомобилінің тактикалық-техникалық сипаттамасын, мақсатын, құрылысын, жұмыс істеу қағидатын, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімінің шығу ауданын, су көздерін, жолдар мен өту жолдарын біледі;
жол қозғалысы ережелерінің талаптарын орындайды және бөлімнің жарақтануында бар барлық типті өрт сөндіру автомобильдерін әртүрлі жол және метеорологиялық жағдайларда басқара алады;
барлық арнайы агрегаттар мен механизмдерде, сондай-ақ арнайы автомобильдерде орнатылған радиостанцияларда жұмыс істей біледі, өрттерде және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде іс-қимыл жүргізу жағдайларында олардың техникалық және тактикалық мүмкіндіктерін толық көлемде пайдалана біледі;
қызмет өткеру, өрт сөндіру автомобильтерін пайдалану, оларды жөндеу және ТҚ барысында қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария қағидаларын орындайды;
ұйқыға жатқанға дейін қарауыл ішкі наряд адамдарының міндеттерін орындайды;
бекітілген техникалардың барлық ақаулықтары туралы бөлімше командиріне баяндайды және оларды жою бойынша дереу шаралар қабылдайды.
Өзімен бірге жүргізуші куәлігі мен оған бекітілген өрт сөндіру автомобильдерін жүргізу құқығына куәлігі жоқ жүргізуші кезекшілікке жіберілмейді.
Жүргізушіге басқа адамдарға, өзі бағынатын адамдарды адамдарды қоса алғанда көлік құралдарын басқаруға беруге және өрт сөндіру автомобилінің оталдыру құлпында оталдыру кілтін қалдырып кетуге тыйым салынады.
Құқық қорғау органдарына қызметке орналасуға негізгі мынадай талаптар қойылады:
Жасы – 35 жастан аспаған. Жалпы орта білімі бар, әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.
Арнайы дыбыс және жарық дабылдарымен жабдықталған өрт сөндіру автомобильдерін (Зил, Камаз, Урал) жүргізуге транспорттық құралдардың сәйкес категориясы бойынша бекітілген үлгіде куәлік алған жүргізушілер ғана жіберіледі (категория «В»,«С»).
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚР Заңына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер:
1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;
2) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;
3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;
4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 15 қарашадағы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және одан өту шарттарын, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекіту туралы №207 бұйрығы бойынша өтеді.
Кандидат мынадай құжаттарды қолма-қол ұсынады немесе Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы тапсырады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш;
2) жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың немесе оның электрондық нысанының көшірмесін;
3) егер кандидат жүргізушілер лауазымына үміткер болса, тиісті санаттағы көлік құралын басқару құқығын растайтын жүргізуші куәлігінің немесе оның электрондық нысанының көшірмесін;
4) білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3321 болып тіркелген) немесе «Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы №268 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32800 болып тіркелген) сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттар (наториалды куәландырылған);
5) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян;
6) әскери билет немесе тіркеу куәлігі;
7) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);
8) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (6 дана);
9) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар;
10) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттың сауалнамасы;
11) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
12) спорттық разрядтың бар екендігін растайтын құжаттар (бар болған жағдайда).
Дұрыс емес ақпарат пен (немесе) құжаттардың толық емес пакетін ұсыну оларды қараудан бас тартуға негіз болып табылады.
Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және жергілікті өкілді органдардың депутаттары, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері қатыса алады.
Бақылаушы ретінде қатысу үшін тұлға осы Қағидалардың 5-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген іріктеу кезеңдері басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кадр қызметіне тіркеледі.
Тіркелу үшін тұлғалар кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Байқаушыларға іріктеу комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың дербес деректеріне, кандидаттар қатысатын іріктеу рәсімдеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
Байқаушылар дауыс беруге қатыспайды және іріктеу комиссиясының жұмысы туралы өз пікірін осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген адамдарға жазбаша нысанда бере алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (конкурс өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру) өздерiнiң қаражаты есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау хабарландыру жарияланған сәттен 10 (он) жұмыс күн ішінде Қызылорда қаласы, Бөкейхан көшесі №69 мекен-жайында (Қызылорда облысы ТЖД Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы) жергілікті сағат: 08.00.ден бастап 17.30 дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) және Қазақстан Республикасының мерекелік күндерінен басқа күндері қабылданады.