Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатына қызылордалық құтқарушылар қатысты   

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатына қызылордалық құтқарушылар қатысты          

   

        Бүгін Қызылорда облысының “Өңірлік коммуникациялар қызметінде” баспасөз-мәслихаты ұйымдастырылды.

          Тақырыбы: «Су тасқынының алдын алу шаралары және су тасқыны кезінде өзге өңірлерде жүргізілген жұмыстар».

          Спикерлер: Әбдіқадыров Бекболат Қайырбекұлы – Қызылорда облысы  ТЖД бастығының орынбасары; Спанов Бейбітхан Оразайұлы – Облыстық ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы.

Б.Әбдіқадыров: «Елімізде орын алған су тасқынының салдарын жою және алдын алу үшін 16 наурыз-4 сәуір аралығында Қызылорда облысының құтқарушылары Министрліктің тапсырмасына сәйкес Ақтөбе, Ақмола облыстарында кезек күттірмейтін және авариялық-құтқару жұмыстарына өңірлік департаменттің 52 жеке құрамы, 8 бірлік техникасы, 22 бірлік мотопомпасы, 2 моторлы қайығы жұмылдырылды...».

Б.Спанов: «Департаменттің күш-құралдарының құрамында 123 адам, 23 техника, 6 жүзу құралы,  33 мотопомпа, 2 тікұшақ әзірлікке келтірілді. 2025 жылғы Сырдария өзеніндегі сеңнің жүруі Керкелмес учаскесінің тұсында 14 ақпаннан басталды. 20 наурызда сең Кіші Аралға жетті, яғни өңірде су тасқыны кезеңі шығынсыз тәмамдалды, төтенше жағдай орын алған жоқ.»  

 Қызылорда облысы ТЖД