Қызылорда облысы ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бейбітхан Спанов өңірдің тұрғындарына желді ауа райы кезінде сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертті.
«Қазгидромет» филиалының хабарлауынша 2025 жылдың 4-5 сәуірінде Қызылорда өңірінде қатты жел тұруы мүмкін. Өңірдің батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, күндіз облыстың орталығында екпін 25 м/с күтіледі.
Қызылорда қаласында: 4-5 сәуірде кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.
Қауіпсіздік әліппесі:
Шаңды дауыл болғанда, терезе мен есіктерді мықтап жауып, бөлмеде болыңыз және малдарды қорада немесе оларға арналған орындарда ұстаған дұрыс.
Сонымен қатар ғимарат ішінде болсаңыз – электр қуаты өшірілгеніне, газ желісінің шүмектері жабылғанына көз жеткізу керек.
Көшеде болсаңыз - қауіпті ғимараттардан, көпірлерден, электр желілерінен, ағаштардан аулақ болуыңыз керек. Өзіңізді паналаушы құралдардың (қораптар, фанер бөлшектері және т.б.) көмегімен ұшатын қоқыстардан қорғауға болады. Сонымен қатар ескірген ғимараттарға барып паналаудан сақтаныңыз, олар да қатты жел әсерін құлап кетуі мүмкін.
Шаңның тыныс алу жүйесіне түсуін шектеу үшін, дауыл кезінде бірнеше рет дәке, шүберек немесе қол орамалдан жасалған маска арқылы дем алған жөн.
Қызылорда облысы ТЖД