Ақмола облысында су тасқынын болдырмау жұмысын атқарған қызметкерлер өңірге оралды

Ақмола облысында су тасқынын болдырмау жұмысын атқарған қызметкерлер өңірге оралды



Кеше Ақмола өңірінен оралған Қызылордалық құтқарушыларды Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары Темірбек Бисенбин және өңірлік әріптестері қошаметпен қарсы алды. 2025 жылдың наурыз айында Ақмола өңірінде су тасқынын болдырмау жұмыстарына Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің 21 жеке құрамы, 2 техника, 10 мотопомпа жұмылдырылған болатын. Олар аталмыш өңірдің Жақсы ауданындағы Ешім ауылында бірқатар жұмыстарды атқарды. Атап айтқанда: Ешім ауылында Абай көшесінде, Нұртазина көшесінде тұрғын үйлердің ауласының сыртын қоршап, қаптарды құмға толтыру жұмыстарын жүргізді. Су тасқынының алдын алу мақсатында Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 4050 дана қапты құммен толтырды. Сонымен қатар өңірдің 21 қызметкері Жақсы ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Әріптестерімізге зор денсаулық, қызметте абырой тілейміз.

Қызылорда облысы ТЖД