Ресей Федерациясының өрт сөндірушілермен бірігіп өрт сөндірілді немесе Қызылордалық өрт сөндіруші-құтқарушылар Байқоңыр қаласындағы өртті сөндіруге атсалысты          

Ресей Федерациясының өрт сөндірушілермен бірігіп өрт сөндірілді  немесе  Қызылордалық өрт сөндіруші-құтқарушылар Байқоңыр қаласындағы өртті сөндіруге атсалысты              

        27.03.2025. Сағат 16-дан 02 минут өткенде Байқоңыр қаласы, №8 өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне: Байқоңыр қаласы, Абай даңғылы бойында «Восток» мейрамханасының артқы бөлігі жанып жатқаны жөнінде және көмекке қосымша күш-құралдарды жіберу туралы РФ ТЖМ №70 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ішкі қызмет старшинасы Олейник Янина Олеговнадан хабар түсті.

          Оқиға орнына көмекке Қызылорда облысы ТЖД Байқоңыр қаласындағы №8 өрт сөндіру бөлімінен 6 қызметкер, 1 бірлік өрт сөндіру автокөлігі жолданды.

          Байқоңыр қаласы, Абай даңғылы №1 «С» мекенжайда орналасқан жалпы ауданы 536 шаршы метр 2-қабатты ғимараттың ауданы 100 шаршы метр шатыры жанып, өрттің салдарынан ғимараттың іші мен жиһаздары зақымдалды. Өрт сағат 16-дан 22 минут өткенде оқшауланып, сағат 16-дан 55 минут өткенде толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында ҚР ТЖМ Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (6 қызметкер, 1 техника),  Ресей Федерациясы ТЖМ №70 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің (68 қызметкер, 8 техника) күш-құралдары жұмыс жасады.

                                                     

Қызылорда облысы ТЖД