
💦Ақмола облысы Жақсы ауданының Есіл ауылында тұрғын үйлерді су басудың алдын алу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
👩🚒Жергілікті ТЖ күштерімен және ЖАО-мен су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмыстарға Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің осы өңірге іссапарға жіберілген қызметкерлері де жұмылдырылды.
✅ 21 құтқарушы инертті материалдарды қапшықтарға салуға белсенді қатысуда. 2 күнде Қызылордалық құтқарушылар 1940 қапқа құм толтырды. Сондай-ақ, аула аумақтарынан қарды тазарту және шығару жұмыстарын жүргізуде.
🔺Бұл іс-шаралар тұрғын үйлерді су басудан сақтайды, жергілікті тұрғындар құтқарушылардың жұмысына дән риза. Құтқарушылардың оларды қиындықпен бетпе-бет қалдырмайтынына сенімді.
Қызылорда облысы ТЖД