Салт-дәстүр мен ұлттық киім - бабалар аманаты  

Салт-дәстүр мен ұлттық киім - бабалар аманаты   

    Наурызнама онкүндігіне сәйкес “17 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні”, “18 наурыз -Ұлттық киім күні” деп аталды. Осы орайда бүгін сағат 16:00-де 

№2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің  ғимаратының спорт залында Наурыз мерекесіне сәйкес іс-шара ұйымдастырылды.  Оған Қызылорда облысы ТЖД және оған қарасты бөлімшелердің қызметкерлері қатысты. Мерекелік іс-шара барысында “Бесікке салу”, “Тұсаукесер”, “Қыз ұзату”, “Беташар” дәстүрлерінен көріністер көрсетілді. Ұлттық киім киген ұжым 4 топқа бөлініп, әр қайсысы берілген тапсырмаға орай аталмыш қойылымдарға белсене атсалысты. Аталмыш іс-шараға Қызылорда облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Түйменов қатысты. Ол жұртшылықты мерекемен құттықтап,  іс-шараға белсене атсалысушыларға алғыс білдірді.

Қызылорда облысы ТЖД