8 наурыз күні кешке Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Жосалы кентінде қардың қарқынды еруі салдарынан Қасымов және Мәмбет би көшелеріне су жайылды.

8 наурыз күні кешке Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Жосалы кентінде қардың қарқынды еруі салдарынан Қасымов және Мәмбет би көшелеріне су жайылды.

 

Су тұрғын үйлердің аумағына кірмеген, зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың және полицияның күштері мен құралдары жедел жетті. Салдарын жоюға барлығы 150-ден астам адам және 14 бірлік техника, оның ішінде мотопомпалар жұмылдырылды.

Жедел қабылданған шаралардың арқасында жеке тұрғын үйлерді су басуына жол берілмеді. Қазіргі уақытта еріген қар суын сору және бұру жұмыстары толығымен аяқталды, жағдай тұрақты.

Қызылорда облысы ТЖД