
18 қарашада Шәуілдірден Ұлытауға қарай мал іздеуге кеткен 1955 және 1969 жылғы азаматтарды туыстары 19 қарашадан бері олармен байланыс болмағандықтан 21 қарашада оларды іздеуге өтініш білдірген. Осыған орай сол күні 4 құтқарушы, 1 кинологиялық есеп, аталған азаматтардың 2 туысымен бірге оқиға орнына шығып, іздеу-құтқару жұмысын жүргізді. Нәтижесінде аталған азаматтарды “Қалмаққырған” деп аталатын аумақтан тапты. Олар жақындарына көлігінің бұзылуы және жауын жаууына орай көліктің батпаққа батуы салдарынан байланыса алмаған екен. Медициналық көмекті қажет етпеді. Жағдайлары жақсы. Олар өздерін іздеп, тапқан құтқарушыларға алғыс білдірді.
Қызылорда облысы ТЖД