Еңбек күніне орай сала ардагерлерімен кездесу өткізілді              

Еңбек күніне орай сала ардагерлерімен кездесу өткізілді                 

       Қазақстанда қыркүйектің соңғы жексенбісі Еңбек күні болып бекітілген. Мақсат - жұмысшыларға ілтипат көрсету, жастарға еңбектің пайдасы мен маңызын түсіндіру,  ерте жастан еңбек еткен адамдарды ынталандыру, ұзақ жыл өнімді қызмет еткен мамандардың өмірі мен қызметін насихаттау.

         Биыл ол күн 29-қыркүйекке сәйкес келіп отыр. Еңбек күні қарсаңында департаменттің мәжіліс залында азаматтық қорғау органдарының ардагерлерінің, жастардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған Қызылорда облысы ТЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Мұсаев, сала ардагерлері Бақтыбай Сыдықов пен Айгүл Жұмабаева қатысты. Олар өздері қызмет еткен жылдардағы оқиғалар туралы әңгімеледі. Жастар мамандар ардагерлерге ризашылық білдірді. Дөңгелек үстелді Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары Жасұлан Түйменов қорытындылады.

Қызылорда облысы ТЖД