Қызылорда облысы ТЖД басшылығы ұжымның ынтымағын, психологиялық қарым-қатынасын, белсенділігін, іскерлігін нығайту мақсатындағы іс-шараларды ұдайы ұйымдастырады. Солардың бірі - тимбилдинг. «Ұйымшыл және тату ұйым» тақырыбындағы тимбилдинг жуырда табиғат аясында өткізілді.
Мақсаты: Біртұтас команда моделін қалыптастыру, ұжымда жағымды әлеуметтік-психологиялық климатты құру.
Тимбилдинг аясында «Кім жылдам?», «Жылдамдық», «Арқан тартысу», «Баскетбол», «Лабиринт», «Су құбыры», «Ептілік» этаптары бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Ұжым мүшелері аталмыш жарыстарда белсенділік танытып, бақ сынады. Жарыстар тартысты әрі қызықты өтті.
Соңында табиғат аясында әңгімелесу сағаты өткізіліп, қатысушылар пікір алмасты. Аталмыш іс-шараның жақсы өткізілуіне белсенділік танытқаны үшін әрбір ұжым мүшесіне алғыс айтылды. Сонымен бірге тимбилдингті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Психологиялық қызмет тобының бас маман-психологі азаматтық қорғау подполковнигі Арайлым Тілеуқабыловаға ризашылық білдірілді.
Қызылорда облысы ТЖД