Қызылордалықтар Орал қаласындағы “Зенит” пен “Волна” саяжайында жұмысты жалғастыруда    

Қызылордалықтар Орал қаласындағы “Зенит” пен “Волна” саяжайында жұмысты жалғастыруда      

2024 жылдың 19 сәуірінде Орал қаласындағы  “Зенит” пен “Волна” саяжайы бірлестіктерінде су басқан аймақтарды барлау, эвакуациялау жұмысына Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 32 қызметкер жұмылдырылды. Олардың барлығы гидрокостюм киген, өйткені, аталмыш саяжайларда судың қарқыны әлі азая қойған жоқ. Олар саяжайда орналасқан 200-ге жуық тұрғын үйлерді аралап, үйлерден уақытша шығу, қауіпсіз орынға бару туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Нәтижесінде  6 үйдің 7 адамы құтқарылды, 8 үйдің иттері қауіпсіз орынға шығарылды, 4 үйдің иелері үйден  шығудан бас тартты. Осы жұмыстарға Орал өңірінің жергілікті полиция қызметінен  17 қызметкер қатысты. “Үйлерінен шықпаған тұрғындар туралы ақпарат Орал қаласының полиция қызметі басқармасына берілді”,-деді Орал қаласы ТЖ басқармасының бастығының орынбасары Айтқалиев Ерлан Сапиуллаұлы. Осы жұмыстарға Қызылорда қаласы N6 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Нұрғалиев Самат Болатұлы жетекшілік жасады.

 

Қызылорда облысы ТЖД