Қызылордалық құтқарушылар Орал қаласындағы саяжайларда тұрғындардың үй жануарларын эвакуациялауда

Қызылордалық құтқарушылар Орал қаласындағы саяжайларда тұрғындардың үй жануарларын эвакуациялауда

                Қызылордалық құтқарушылар Орал қаласындағы су басқан саяжайлардың тұрғын үйлерінен сол тұрғын үйдің иелерін қатыстыра отырып, тұрғындардың бағалы заттарын, құжаттарын, тұрмысқа пайдалануға  аса қажетті дүниелерін алып шығып, иелеріне тапсыруда. Сонымен бірге саяжай тұрғындарының үй жануарларын эвакуациялау жұмысын жалғастыруда.  Әсіресе, Андрей Федосияди, Ораз Әділет, Бағдат Әлжанов секілді өз ісінің кәсіби мамандарына және Қызылорда өңірінің Жедел құтқару жасағының құтқарушыларына аталмыш саяжайлардың тұрғындары алғыс айтуда. 

        Олар иттерді, мысықтарды, тауықтарды және тұрғындардың қажетті заттарын қауіпсіз орынға шығарды.

         “Ёлочка”, “Виктория”, “1- саяжай”, “2-саяжай” деп аталатын саяжайлардың тұрғындары - Богдана Вера Владимировна, Бисенова Әлима және басқа да тұрғындар Қызылордалық  құтқарушыларға шынайы алғыстарын білдірді.

Қызылорда облысы ТЖД