Құтқарушы қаһарман      

Құтқарушы қаһарман         

          2024 жылдың 18 сәуірде Қызылорда қаласы Жастар ресурстық орталығы ғимаратында «Қызылорда облысының тілдерді дамыту орталығы» мен «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы әскери және құқық қорғау саласының қызметкерлерінен құралған командалар арасында «Этно Quiz» интеллектуалды сайысын ұйымдастырды.

           Іс-шараның мақсаты – әскери және құқық қорғау саласында қызмет жасайтын жастар арасында ұлттық рухты көтеру, тілді дәріптеу. Сайысты кіріспе сөзімен облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары У. Ибраев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

           Сайысқа 35 жасқа дейінгі қызметкерлерден құралған 8 команда қатысты. Қатысушылар 5 этапта берілген тапсырмаларды орындады. Іс-шарада Монғолия елінен келген қандас бауырымыз ән шырқап, Қытайдан келген бауырымыз күй тартты.

          Сайыс қорытындысы бойынша жоғарғы ұпай жинап, үздік деп танылған  Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері - «Құтқарушы қаһарман» тобы жеңіске жетті. Жеңімпаз командаға арнайы диплом мен этностатуэтка табысталды. Әрбір қатысушыға естелік сыйлық табысталып, әрбір топ алғыс хатпен марапатталды.

Қызылорда облысы ТЖД “ӨСжАҚЖҚ” РММ