Қызылордалық құтқарушылар Қостанайдағы қызметін қорытындылады   

Қызылордалық құтқарушылар Қостанайдағы қызметін қорытындылады       

 

        «2024 жылдың 27 наурызы – 16 сәуір аралығында Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері мен құтқарушылары Қостанай облысы Амангелді, Қарасу аудандарында су тасқынының алдын алу, авариялық-құтқару жұмысын жүргізді. Атап айтқанда 62 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның 18-і бала. 110 бас асыл тұқымды бұзау құтқарылды. Су тасқынын болдырмау мақсатында 1400 қап құммен толтырылып, бөгеттер нығайтылды. 238 888 текше метр жайылған су тартылды.  Қазіргі таңда барлық техникаларға күтім жасалды. Авариялық-құтқару жұмыстарына дайын»,-деді топ жетекшісі Қызылорда облысы ТЖД ТЖ жою басқармасының бастығы Жандос Досымов.

 Қызылорда облысы ТЖД