ҚҰРМЕТТІ ЗЕЙНЕТ ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҒАРЫП САЛДЫ  

ҚҰРМЕТТІ ЗЕЙНЕТ ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҒАРЫП САЛДЫ      

       Зейнетке шығу – әр адамның өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Жастық шағын еңбекпен өткізген әр адамның құрметпен зейнетке шығуы абырой, кейінгіге үлгі боларлық дәреже. 

        Таяуда Өрт сөндіру қызметінің мәжіліс залында осындай салтанатты іс-шара өтті. 17 жылдан аса уақыт  үздіксіз Өрт сөндіру қызметінде еңбек еткен Сандуғаш Арынқызы Нұрмаханованы әріптестері құрметпен зейнеткерлік демалысқа шығарып салды. Сандуғаш Арынқызы  бұған дейін Қызылорда облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» Құжаттамалық қамтамассыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобының инспекторы қызметін абыроймен атқарды. Жүктелген міндеттерді адал орындап, өзін тәжірибелі, білікті маман ретінде көрсетті.  

      Іс-шара барысында оны Өрт сөндіру қызметінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Әбділдә Баякеев құттықтап, құттықтау адресаты мен естелік сыйлықты табыс етті. Ұжым мүшелері оны зейнетке шыққан күнімен құттықтап, ізгі лебіздерін арнады.

Қызылорда облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» РММ